SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Облыс және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы бойынша мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру  мақсатында «Біз біргеміз!» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – мүгедектерді қоғам өміріне тең құқылы мүше ретінде қатысу жолында кедергілерді жою. Бүгінгі таңда осы акцияны өткізу мақсатында іс-қимыл жоспары бекітіліп, кәсіпкерлерге бағытталған «Үндеу» жарияланды.

Ал, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес,  «Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

Аталған объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiс» делінген.

Осыған орай, Әл-Фараби ауданындағы барлық мемлекеттік және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мекеме басшыларына ғимаратыңызда мүгедектердің еркін кіріп-шығуына арналған қолжетімділік шараларын (баспалдақтарға пандустар орнату (жылжымалы), арнайы мүгедектерді қабылдайтын бөлмелер, арнайы қол жуғыш және дәретханалармен қамтамасыз ету, мүгедектерге арналған автотұрақ және т.б.) ұйымдастыруға ықпал жасауларыңызға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты шақырады!

Сонымен қатар,«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары орындалмаған жағдайдаҚазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 83-бабына сәйкес, құзырлы мекемелер тарапынан айыппұл салынатындығын назарыңызға саламыз.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы