SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Әл-Фараби ауданының әкімі Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жеті бала тәрбиелеп өсірген 4 анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген 14 анаға «Күміс алқа» наградасын тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы - баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деп тілектерін айтты аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы.

Жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы аналар бар, олардың 351 ана «Алтын алқа» және 1300 ана «Күміс алқа» иегерлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы