SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша сервистік мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов 2018 жылдың 17 шілдесінде аудан аумағында жұмыс жасап жатқан сервистік мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында, көпқабатты тұрғын үйлерге сервистік мекемелердің көрсетіп жатқан қызмет түрлерін тиімді үйлестіру мақсатында талқылау жасалынды.

        Атап айтқанда, ауданда 9 сервистік мекеме жұмыс атқарады. Олардың қызмет түрлері, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс алаңын және ауласын санитарлық тазалау, жертөледегі инженерлік құбырларға қызмет көрсету. Яғни, көпқабатты тұрғын үйді қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу. Кіреберіс алаңдарын және ойын элементтерін әрлеу, сырлау жұмыстарын атқаруда.

Аудан әкімі алдағы уақытта сервистік мекемелерге бірлесіп жұмыс атқаруды және өздігінен жұмыс жасап жатқан көпқабатты тұрғын үйлерді біріктіріп, басқарушы компания құруды, көрсетілетін қызмет түрлеріне тарифтік жүйелерін біргелкілендіруге және көрсететін қызмет сапасын арттыру қажеттігін айтып, сервистік мекемелердің ассоцияциясы жұмысын жандандыруды тапсырды.

Аудан тұрғындарының назарына! көпқабатты тұрғын үйге сервистік қызмет көрсетуші мекеме қажет болған жағдайда, 54-96-54 байланыс телефоны арқылы мекен-жайға байланысты мәлімет алуға болатындығын жеткіземіз.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы