SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданында «Таза қала» акциясы өз деңгейінде өтіп жатыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Таза қала» акциясын жариялады.

 Акцияға «Үздік аула» және «Үздік көше» номинациялары бойынша Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан үй, көше, орам басқарушылары қатысуда. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 000 000 теңге.

 Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына аудан бойынша «Таза қала» акциясына қатысуға «Үздік аула» номинациясына 58, ал «Үздік көше» номинациясына 24 өтінім келіп түсті. 

 «Таза қала» акциясы барысында құрылған арнайы жұмысшы топ әрбір ұсынылып отырған үй немесе көшенің тазалығына, жасыл екпелердің болуына, балалар ойын алаңшаларының жағдайына, қоғамдық тәртіптің сақталуына, тұрғындардың ұйымдастырушылық қабілетіне, ауланы эстетикалық безендіру жағдайларын қарайды. Жұмысшы топ әрбір өтінім берген үй немесе көшелерді әр айдың 15-не дйін аралап, оң өзгерістерді бақылайды. Сондықтан, өтінім білдірген үй, көше тұрғындарын «Таза қала» акциясына қолдау көрсетіп, ат салысуға шақырамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы