SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың жүруіне болмайды!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы Қазақстан Республикасының болуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 442-бабына сәйкес заңды өкілдеріне шара көрілетіндігі көрсетілген.

Осыған орай, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, қалалық білім бөлімі және Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының өкілдерімен әр аптаның жұма, сенбі күндері түнгі уақыттарда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу бағытында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

     Рейдтік іс-шаралар аудандағы барлық демалыс орындарында, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында, ойын-сауық және басқа да көңіл көтеру орындарында ұйымдастырылуда.

Рейд барысында ойын-сауық басшыларына кәмелетке толмаған жастарды 22.00-ден кейін кіргізгендері үшін, әкімшілік хаттамалар толтырылып айыппұлдар салынады.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы