SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкентте жаңа автобус паркі ашылды!

Қаламыздағы қордаланған мәселенің бірі өз шешімін тауып келеді. Көпшілікті толғандырған осы мәселе қала әкімінің есепті жиындарында тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар болатын.

Шымкент қаласы Республикалық маңызы бар қалалар санатына кіріп, мегаполис статусын алуына байланысты аталған мәселенің жылдам шешімін табуға өз септігін тигізді деп те айтуға болады.

Осы мақсатта, қала халқы мен қонақтарына ыңғайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру үшін, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен қаламызда Шымкент қаласының мерекесі күніне орай, елімізде теңдесі жоқ автобус паркі ашылып, қала тұрғындарының игілігіне тапсырылды. Айта кетерлігі: Муниципалды орталықтың ашылуымен 300 жаңа автобус қызметке кірісті. Бұл елдегі теңдесі жоқ жоба және Қазақстанда құрастырылған қоғамдық көліктер бір мезетте 56 жолаушы тасымалдауға қауқарлы және көлік ішінде тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.

Алдағы уақытта да аталған жоба бойынша қаладағы қажетті бағыттар қоғамдық көліктермен толықтырылады.

Шымкент қаласы тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлап, осындай жобалардың бастамашысы болып отырған қала әкімі Ғ.Әбдірахымовқа алғыс айтып, жұмысына сәттілік, отбасына амандық тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы