SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Саяси кеңес отырысы өтті.

 

     Мәжіліске «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, Шымкент қаласының аудан әкімдері мен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес мүшелері, Шымкент қалалық мәслихат депуттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжіліс күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар:

1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болған Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында Шымкент қаласынан құрылған қоғамдық штабтың атқарған жұмысының қорытындысы;

2. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру туралы.

Жиналыс барысында қатысушылар Президенттің айқындаған 10 бағыты бойынша баяндап, іске асыру жолдарын талқылады.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы