SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан заңсыз жарнамалар бойынша атқарылған жұмыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және  «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының және Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен бекітілген “Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасының” талаптарын түсіндіру мақсатында 2018 жылдың  басынан Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып аудандағы негізгі көшелерде және коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне барып, салық төлеуші ретінде тіркелуге жолдануда.

       Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша жыл басынан бастап қазіргі таңға дейін бюджетке түскен түсім көлемі 24 673 481 теңгені құрайды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекованың 2017 жылдың                  30 қарашасында бекітілген «2017-2018 жылдарға Шымкент қаласының бюджетінің түсім көздерін ұлғайту мақсатында уәкілетті органдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту бойынша» іс-шара жоспарына сәйкес, аудан аумағында орналасқан коммерциялық нысандардың сыртқы көрнекі жарнамаларын заңдастыру мақсатында, қанша жеке  кәсіпкер салық төлеуші ретінде тіркелгендігі туралы және жарнама бойынша бюджетке түскен түсім туралы Әл-Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасы 2018 жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін сыртқы көрнекі жарнамаларын заңдастыру бойынша уәкілетті органның мәліметіне сәйкес 181 жеке кәсіпкерден бюджет түсімі 6 303 505 тенге құрайды.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы