SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Аудан тұрғындарының назарына! Жаз маусымы басталысымен, Сырдың аптап ыстығы да тұрғындардың тынышын алуда. Күн ысыған сайын су жағалауларындағы халықтың қарасы көбейетіні мәлім. Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Орын алған жағдайлардың себептері де әртүрлі. Айта кетсек: мезгілсіз уақытта және судың салқындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағаннан да қайғылы жағдайларға ұшырауда. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық жергілікті полиция қызметкерлер қызметі және аппарат қызметкерлерімен бірлесе арнайы іс-шара жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға сақтық іс-шаралар бойынша түсіндіру мен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай аудан тұрғындарының назарына , суға шомылар алдында қауіпсіздік шараларын сақтап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмай , суға түсуге тыйым салған жерлерге шомылмауларыңызды сұранамыз.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы