SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жоғары политехникалық колледжінде Әл-Фараби аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы М.Омаров, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бас маманы Н. Байдуанов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Ақмолда, қалалық политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Садыкова және «Дін мәселелер зерттеу орталығының» дінтанушы маманы Б. Заманхановтың қатысуымен студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыспен құқық бұзушылық зорлық-зомбылықтың, азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, жастар тәрбиесі, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, теріс діни ағымдардың ықпалын азайту, сонымен қатар салт-дәстүрлерімізді қастерлеу туралы баяндалды. Аталған азаматтар өз ғұмырларында жинаған тәжірибелерімен баяндап, жастарды тәрбиелікке баулу туралы ойларымен бөлісті. Кездесу соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы