SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында,  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» бағдарламасы аясында «Жемқорлық – елдің дамуына қауіп төндіретін қатерлі дерт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің ОҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы  Мұсабекова Гүлжан Есенқызы,  Әл-Фараби ауданы прокурорының аға көмекшісі Тұяқбаев Бақытжан Калдыбайұлы, «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының саяси кеңес бюро мүшесі Жандосова Баян Айтбекқызы, Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі, «Жемқорлықсыз Қазақстан» Республикалық құқықтық-саяси газетінің атқарушы директоры Орынбаев Есентай Жұмәліұлы және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

«Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетінін, олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жататынын», - атап өтті Б.Тұяқбаев.

     Кездесу барысында осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады және қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екендігін айтып өтті Г.Мұсабекова.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қысқаша түсінік бере отырып осындай іс-шаралар жиі және мектептерде жоғарғы оқу орындарында керек десе балабақшаларда семинар, түрлі акциялар, ашық сабақтар ұйымдастыруға ұсыныс айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы туруды бала кезінен тәрбиелеп бағыт-бағдар беру керек», -деп атап өтті Б.Жандосова.

          Күн тәртібіне сәйкес отырысты қорытындылай келе аудан әкімі Б.Қалжанов:

Құрметті әріптестер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында облысымызда тындырылып жатырған істер аз емес екенін жоғарыда көтердік, талқыладық, ой қозғадық.

Бұл мақсатта қолданылып жатырған іс-шаралар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп – қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл әсіресе қазіргі жағдайда маңыздылығы өте жоғары болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро өкілдері тарапынан қойылып отырған міндеттерді бірлесе атқарған игі істердің ықпалымен өз нәтижесін береді деген сенімдемін, алдағы уақытта да мемлекет тарапынан аянбай адал еңбек етіп, Ел сенімін ақтай білейік деп тілек білдірді.

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы