SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бүгін Әл-Фараби Ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен әз-Наурыз мерекесі аталып өтті. Орталық саябақтағы өткен мерекелік іс-шараға 2000-мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Наурыз-думан ардагерлердің бата-тілегімен, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлының және Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхан Омарұлының құттықтауымен басталды. Іс-шара барысында сөз алған аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні жоғары дәрежеде  тойлануын айта келе,  Наурыз ежелден келе жатқан ұлттық мереке екенін айтып, аудан тұрғындарына деген мерекелік ыстық ықыласын білдірді.

Мерекелік жиын әрмен қарай өнерпаздардың көңілге шуақ сыйлайтын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қала тұрғындары үшін Ж.Шанин атындағы драма театры әдет-ғұрыпты дәріптеген «Қыдыр ата», «#Тұсаукесер» сахналық көрінісін ұсынды. «Наурыз», «#Туғанжер», «#Айналдымелім», «#ҚұсниҚорлан», «#Ақбақай» сындыән мен тыңдағанда тұлабойың дышымырлататын «#Сарыарқа», «#Балбырауын» күйлері мерекенің сәнін арттырды. Балалар «#Эльф» театрының ойын-сауығында көңілкөтеріп жүргенде, жастар жағы күш сынасты.

Мәдени іс-шараға аудан әкім аппаратынан бөлек, #Халықбанк, #Қамар қоры киіз үй тігіп, спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Жиында аудандағы 10 мектеп, 10 балабақша және 5 колледждердің қол өнер шеберлерінің  көрмесі қойылып,  тұрғындарға  ұлттық тағамдардантегін дәм ұсынылды. Наурыз-көже, бауырсақ, палаудан ауыз тиген жергілікті халық мерекелік көңілкүй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтып, құттықтау тілегін арнады.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы