SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы аудан тұрғындарының алдында 2017 жылда атқарылған жұмыстары бойынша «Түркістан» шағынауданында орналасқан Н.Төреқұлов атындағы №62 орта мектебінде Түркістан, Отырар, Спорт, Наурыз, Кіші Самал, Самал-1,2, Ақжайық шағынаудандарының тұрғындарына халыққа есеп беру кездесуін өткізді.

Жиналыс барысында аудан әкімі Б.Қалжанов 2017 жылы атқарылған жұмыстары бойынша (аудандағы санитарлық тазалық, көгалдандыру, ауыз су, газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол құрылысы, ретсіз сауда, құқық қорғау, әлеуметтік көмек және т.б атқарылған жұмыстармен) баяндай келе және алдағы жылда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар, өтініштер, көңілдерінде жүрген көкейтесті әрі келелі мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын талқылады және есепті жиналыста көтерілген мәселелер бойынша  бекітілген уақыттарда тұрғындарға жүзеге асыру барысы туралы хабарлап отыратындығын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы