SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б.А.Қалжановтың

халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының

ТЕЗИСТЕРІ

 

               Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі әлемдік ахаулдың күрделі кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Бүкіл әлем бастарынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның әсері біздің елімізді де айналып өтпейтіні белгілі.

Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің бағыттарын көрсетті.

Н.Назарбаев кез келген қиындықтары шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұқият тапсырды. Қандай қиын жағдай десекте 2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін жәрдемақылар, шәкіртақылар орта есеппен 30% өсетін болып отыр.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2016 жылға негізгі міндеттері айқындалуда.  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аудан аумағының 3 жерінде есеп береді.

2015 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан            81 сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, олардың 22-не кездесу барысында жауап берілді, 59-бойынша іс-шара түзіліп, оның 30 мекенжайына байланысты Қаратау ауданы әкімінің аппаратына жолданған, 17–сұраққа толық жауап беріліп, орындалуына байланысты бақылаудан алынған, 5-і 2016-2017 жылдарға қалдырылған, 7-і қаржы қаралуына байланысты орындалатын болады.

 

           Аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2015  жылы 496 өтініш түсті, оның ішінде: коммуналдық мәселелер бойынша-286, әлеуметтік мәселелер бойынша-26, кәсіпкерлік саласы бойынша-17, транспорт және коммуникация бойынша-37,  қаржы мәселесі бойынша-62, құрылыс мәселесі бойынша-7, жер мәселесі бойынша-15, басқа да мәселелер бойынша-46 өтініш. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралды. Сонымен қатар 2015 жылы -2724 құжат  түсіп, 2281 құжат жіберілген.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық-мәдени орталық, 13 діни бірлестіктер, 29 өндірістік мекемелер мен кәсіпорындар, 39 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 665 көпқабатты тұрғын үйлер және 13505 жеке  үйлер орналасқан.

 

Көріктендіру және санитарлық тазалық

 

2015 жылы аудан бойынша елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық бюджеттен 133,1 млн. теңге бөлінген.

 Әл-Фараби ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық, аула, ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары бойынша 8 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілуде.

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «Бек-Асыл сервис» ЖШС, «Эко спец транс» ЖШС, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС, «AnDa Company» ЖШС, «Байтерек-Л.Б» ЖШС мекемелері және елді мекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарын «Көп-Жан» ЖШС мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен 8190 м³ қоқыс полигонға шығарылып, 783 қураған ағаштар мен  15985 тал санитарлық қырқылды. Сонымен қатар, 29914 ағаш әктеліп, 1500 га шөп орылды.

Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 185 контейнер алаңшалары және 626  қоқыс контейнерлері бар.

Ауданның орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 8-рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 67 техника мен 45500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 134 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды, 6600 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 9500 түп ағаш әктелді және   1170  м3 күл – қоқыс шығарылды.

Шымкент қаласы әкімідігі мен ОҚО «Азаматтық альянс» Ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Таза қала» атты байқау өткізілді. Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты жанынан аудан аумағынан байқауға қатысуға ниет білдірген үй, орам, көше басқарушыларының өтініштерін қабылдап, жұмыс жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылды.  Бұл байқаудың негізгі мақсаты қаламызды көркейту мен абаттандыруға қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа шақыру болып табылады. Үгіт насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу үшін БАҚ-тарда мәлімет берілді.

Байқауға қатысу үшін: «Үздік аула» номинациясына 43 аула, «Үздік көше» номинациясына 23 көше басқарушылары өтініш білдірді.

Байқаудың қорытындысы бойынша Молдағұлова көшесі, №4а үйге «Үздік аула» номинациясы, Залинейный шағынауданы, Суворов көшесіне «Үздік көше» номинациясы берілді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту

 

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде, 2015 жылы  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген  30 көпқабатты тұрғын үйдің 13 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Молдағұлова №7, Республика даңғылы №№19,25а,31, Быковский көшесі №2,№5, Володарский көшесі №№2а,2б,2в, Майлы қожа көшесі №13, Байтұрсынов көшес №9, Жангельдин көшесі №22а, Верещагин көшесі  №73а.

Сонымен қатар, 2016 жылы 12 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 

Жылу энергиясымен қамтамасыз ету

 

Әл-Фараби  ауданы аумағында жылу қабылдайтын 609 көпқабатты тұрғын үй  тіркелген. 2015-2016ж.ж. жылу маусымында ауданның солтүстік аймағында «3-Энергоорталық» АҚ арқылы 251 үй, ал оңтүстік аймақта «Қуатжылуорталық-3» МКК  арқылы  358  үй  жылу  алуда.

Көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдарының есік-терезелерін бүтіндеу, жұмыс істемейтін тік құбырларды ауыстыру тұрғындардың өз күштерімен жасалатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде  118 жұмыс істемейтін тік құбыр анықталып, барлық 118 тікқұбырлар ауыстырылды, 74 кіреберіс алаңдарының есігі, 645м² фрамугалар тұрғындардың өз күштерімен орнатылды.

Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 8 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш  құралы орнатылды.

Инфрақұрылым

 

Әл-Фараби ауданы бойынша 2015 жылы 177 қоқысқа арналған контейнерлік алаңшалар орнатылды және көлемі 1,1 м3 602 жаңа контейнерлермен алмастырылды.

Ағымдағы жылы аудан бойынша көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына 111,0 млн. теңге бөлініп, 18 көшенің 6,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Абылайхан көшесі, Жастар көшесі, М.Әуезов көшесі, Қазыбек би көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Байдібек би көшесі, Байтереков көшесі, Көк-бұлақ көшесі, Байтұрсынов көшесі, Карл-Маркс көшесі, Дулатұлы көшесі, Сауран көшесі, Лихачев көшесі, Айкөл көшесі, Тайманұлы көшесі, Достық көшесі, Б.Саттарханов көшесі, Гүлисман (Балдаурен) көшесі.)

Сонымен қатар, электр жүйелерімен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Сауле шағынауданына 69,9 млн. теңге бөлініп, 363 абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді.

 

Белгіленбеген  орындардағы сауда

 

2015 жылы ретсіз сауда орындарына аудан әкімі аппаратының үйлестіруімен, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Әл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе  51 рет рейдтік іс-шара өткізілді.

Нәтижесінде, Әл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерімен белгіленбеген орындарда сауда жасағандары үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 1275 хаттама толтырылып, 1164 ескерту берілген, 1 123 705 теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 634 240 теңге өндірілген.

Сонымен қатар  аталған Кодекстің 505-бабы бойынша  2015 жылы  720 әкімшілік хаттама толтырылған, 297 300 теңге айыппұл салынып, 257 660 теңге өндірілген.

 2015 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында  заңсыз орналасқан  96 дүңгіршек  анықталды: оның ішінде 76 заңсыз орнатылғандар, 17 мақсатына сай емес және 3 өз бетінше иеленіп алғандар. Анықталған дүңгіршектер бойынша иелеріне ескерту парақшалары таратылды. Заңсыз дүңгіршектердің тізімдері «Шымкент келбеті» газетінің 15.05.2015 жылғы №20 санында, екінші рет  12.06.2015 жылғы №24 санында, үшінші рет 03.07.2015 жылғы №27 санында жарияланды.  Нәтижесінде, 77 дүңгіршек, 10 киіз үй алынды.

 

Ретсіз орналастырылған жарнамалар

 

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және  «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының  және Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен бекітілген “Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасының” талаптарын түсіндіру мақсатында, Әл-Фараби ауданындағы негізгі көшелерде және коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан  жарнамаларды ретке келтіру мақсатында және заң талаптарына сай келмейтін жарнамалар мен хабарландыруларды  жою бойынша  мүдделі мекеме қызметкерлерімен бірлесе 25 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, ауданның орталық көше бойларында орналасқан ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандарға, жол бойындағы электр бағаналарына және аялдамаларға жабыстырылған 3820 жарнамалар мен хабарландырулар және парақшалар алынып тасталды. Оның ішінде 2780 хабарландыру 1040 жарнама.

Азық-түлік  бағаларын тұрақтандыру

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг және талдау жасау жөнінде штаб құрылған. Штаб жанынандағы  жұмысшы топ мүшелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат күнделікті қалалық  кәсіпкерлік бөліміне жолданып отырды. Аудан аумағында 33 нысан мониторингке алынып, (базарлар-4, сауда үйі-19, дүкендер-10) Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан бағаны тұрақты қадағалап отырды.

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

 

Әл-Фараби ауданында 2015 жылы  23492 дара кәсіпкерлік субъектілер тіркелген, оның ішінде: жұмыс істеп тұрғаны- 21968.

Сонымен қатар, 134 өндірістік кәсіпорындар жұмыс атқаруда, оның ішінде:  11-ірі, 24-орта, 99-кіші кәсіпорындар.

2015 жылы іске қосылған жаңа кәсіпорындар: "ASSEM GOLD" ЖШС, "INTERMANN GLOBAL CONTRACTING COMPANY (ИНТЕРМАНН ГЛОБАЛ КОНТРАКТИНГ КОМПАНИЙ)" ЖШС, "Блок Секьюрити" ЖШС, "ЭНВЕР LTD (ЛТД)" ЖШС, "MVP Company" ЖШС, "БегМир" ЖШС. Нәтижесінде 2000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, әр сенбі күндері Қажымұқан стадионының көлік тұрағында және Ордабасы алаңында жәрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

 

Мүлікті жария ету

 

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы   мүлікті жария ету науқанын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және Әл-Фараби аудандық Әділет басқармасы мамандарымен бірлесіп, «Тассай», «Таскен», «Мәртөбе», «Достық», «Текесу»  тұрғын алабы аудан тұрғындарына  «Отырар», «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телеарналарының қатысуымен жиналыстар өткізді. «Шымкент келбеті» мен «Панорама Шымкента» газеттерінің бірнеше сандарында мақалалар жарияланып, ауданның орталық көшелерінде тақырыптық баннерлер ілініп, жергілікті «Айғақ», «Отырар», «Қазақстан-Шымкент» телеарналарында сұхбат ұйымдастырылды. «Айғақ», «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» телеарналар-ында мүлікті жария ету науқаны жүгіртпе жолдан және «ЮМАКС» радиожелісінен жарнамаланды.  Халықты толық хабардар ету мақсатында үй аралап 3600 кітапшалар  таратылды.

Нәтижесінде, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның қарауына 150 өтініш түсті.  ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия 50 өтінішті жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдаса, 100 өтініш комиссияның шешімімен жария етілді.

Әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту

 

2015 жылы  балалы отбасыларға берілетін  жәрдемақы алуға 5349 үміткер отбасының, 4951 отбасы «мұқтаж» деп танылса, олардың 398 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 113 үміткер отбасының, 107 отбасы «мұқтаж» деп танылса, олардың 6 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды.

ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына және Шымкент қаласының маслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №30/193-5с шешіміне сәйкес, аудандағы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмекке үміткер 356 отбасының үйлеріне барып, учаскелік комиссия үй-тұрмыстық актілері жасалды 312 «мұқтаж» деп танылып, 44 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Сонымен қатар, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмекке үміткер 1677 отбасының 1562 «мұқтаж» деп танылып, 115 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Жоғарыдағы мұқтаж отбасылардың барлығы әлеуметтік көмекпен толық қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 9 рет кездесулер өткізілді.

2015 жылы жұмыссыз ретінде 3370 азамат тіркелген. Жұмысқа орналасқандары -3249 адам.

Оның ішінде: бос жұмыс орындарына орналасқандар-2428 адам, кәсіптік даярлау арқылы жолданғандары-37адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданғандары -477 адам

Әл-Фараби аудан аумағындағы кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы 315 отбасылар «Құрбан айт» мерекесінде азық-түлік жиынтығымен қамтылып, қуанышқа бөленді.

«Мүгедектер күніне» орай аудандағы кәсіпкерлердің қолдауымен 8 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба мен Шымкент қалалық №2 естімейтін балалар мектеп-интернатына отандық жер серіктік «Отау ТV» телеарнасының тюнері мен тарелкасы сыйға берілді. Осы интернатта білім алатын 100 бала қаламыздағы зообақты тегін тамашалады. «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» КММ-ның 100 тәрбиеленушісін оңтүстік цирк ғимаратында «Цирк на воде» бағдарламасын тамашалады.

ҚР Үкіметінің 16.01.2012 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №64 қаулысымен бекітілген ҚР мүгедектердің құқығын және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайлылығы сақталуы бойынша қолданыстағы ғимараттарды түгендеу (төлқұжаттандыру) жұмыстарын жүргізуде, қалада құрылған жұмысшы тобы аудандағы 161 бюджеттік және 221 әлеуметтік коммерциялық объектілерінің бәріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бюджеттік мекемелердің паспорттары жасалып, пандустар орнатылды, ал әлеуметтік коммерциялық объектілердің 71-не паспорттау жұмыстары жүргізіліп, 62-не пандустар орнатылған.

 

Отбасылық-демографиялық саясат

 

2015 жылы Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат  жөніндегі комиссия жыл басында бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасауда. Ауданда орналасқан мемлекеттік емес ұйымдармен, аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп әйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Отбасылық тәрбие», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары», «Әйелдер арасында қатерлі ісік ауруларын алдын алу» 3 жиналыс, 4 семинар-тренингетер мен 16 кездесулер өткізді.

Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы аналар бар, олардың 423  «Алтын алқа» және 1152 «Күміс алқа» иегерлері.  2015 жылы 53 көп балалы аналардың құжаттары  рәсімделіп, 15 анаға «Алтын алқа» және  48 анаға «Күміс  алқа» белгілері салтанатты түрде  табыс етілді.

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі

 

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 44 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 1918 тыл еңбеккерлері тұрады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне «Ұлы Отан» соғысының 70 жылдық мерекесіне орай, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Beeline» компаниясының демеушілігімен «дабыл» түймесі тарқатылды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының 2 ардагердің үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 ардагердің үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық ардагерлер мерекелік медальдармен ресми түрде марапатталды. «8-наурыз - Халықаралық әйелдер» күнінде Ұлы Отан соғысының  12 әйел ардагер-аналарға бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Елбасының саясатын жүзеге асыру.

 

 Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасымыз-Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау, насихаттау және түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық – насихаттық топ құрылып, бекітілген  кесте бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, 5 мекемеде кездесу өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша 3 ақпараттық – насихаттық топ құрылып, арнайы кесте бойынша аудан аумағындағы  оқу орындарында, медициналық мекемелерде, өндірістік кәсіпорындарында 30 кездесу ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттық топ құрылып, аудан аумағындағы оқу орындарында, медициналық мекемелерде, өндірістік кәсіпорындарында 23 кездесу өткізілді.

 

Құқықбұзушылықтың алдын алу

 

Аудандағы барлық мектептерде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын-алу бойынша аудандық ішкі істер және облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог мамандармен кездесулер өткізіліп, БАҚ-та жарияланды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 24 мектептерде дін туралы түсінік беру мақсатында дінтанушы мамандармен   кездесулер өткізілді.

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс бағыттағы діни ағымдардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен әр жұма күні  мешіттерде имамдармен кездесулер ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық пөп жиналатын обектілерде (сауда үйлер, дүкендер және т.б.) қауіпсіздік шараларына мониторинг ұйымдастырылды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен теміржол жағалауына жақын орналасқан №79 және №22 мектептерде «Теміржол қауіпсіз аймақ!» тақырыбында теміржол және полиция қызметкерлерімен бірігіп кездесулер өткізіліп, оқушыларға тәрбиелік маңызы бар бейнероликтер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»  бағдарламасы аясында   «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік проблемаларды талқылау» туралы семинарлар және «Жемқорлықпен күресу - әр азаматтың парызы»  атты  дөңгелек үстелдер өткізілді.

 

Ономастика және тілдерді дамыту

 

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 375 көше бар, оның 40 атауы жоқ көшелер. Оның ішінде 34 көшеге реттік нөмір берілген және қазіргі таңда атауы жоқ 6 көшеге уақытша реттік нөмір беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлау аясында    «Наурыз» шағынауданында орналасқан атауы жоқ көшеге ҰОС ардагері Ә.Тоқсанбаевтың есімі берілді.

«АвтоKZ» таксопаркінің қолдау көрсетуімен «Отырар» шағынауданына 33 көпқабатты тұрғын үйлерге атауы мен нөмірі жазылған тақтайша ілінді.

 Мәдени-ағарту саласы

 

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратымен 2015 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 16 мерекелік іс-шараларды ұйымдастырылып, өткізілді.

Атап айтқанда, «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «ҚР Отан қорғаушылар күні», «Жеңіс күні», «Баларды қорғау күні», «Астана күні», «ҚР Конституция күні», «Ұстаздар күні», «Отбасы күні», «Тәуелсіздік күні», «Қарттар күні», «Мүгедектер күні», «Қала күні», «ҚР Тұңғыш Президент күні», «Аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы».

Аудан аумағында орналасқан Мемлекеттік мекемелердің ғимаратындағы Мемлекеттік рәміздерге қойылатын стандарттардың, мөлшердің, техникалық талаптардың бұзылуына және оларды күтіп ұстауға, сонымен қатар, Елбасының суреттері мен Мемлекеттік рәміздер бейнеленген баннерлерге талдау жұмыстары мен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша құзырлы мекемелерге  ұсыныстар жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді.

Аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар «Шымкент-Қазақстан», «Отырар», «Айғақ» теле арналарына және «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан» «Оңтүстік Рабат» газет  беттерінде және  http://www.alfaraby-shym.kz    сайттарында жарияланды.

 

 

 2016 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары

 

1. Аудан аумағын санитарлық тазалықта ұстауды ұйымдастыру және қадағалау.

2. Балалар ойын алаңшаларын, аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру.

3. Тұрақты  түрде аудан аумағына  қарасты елді мекендерде сенбіліктерді ұйымдастыру және өткізу.

4.  Өңірлерді дамытудың 2020ж. дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру.

5. 2016-2017 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.

6. Спорт алаңшаларын, спорт ангарларын, тренажер алаңшаларын құруды ұйымдастыру.

7. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу.

8. Атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдем ақыларына арналған іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру.

9. Жоспарланған мәдени іс-шараларды  жоғары деңгейде өткізу.

10. Аудан аумағында  ономастика саласы бойынша жұмысты жүйелі түрде

ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент ќаласыныѕ јкімі

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің  аудан тұрғындарына есеп беру кездесулерінің кестесі

 

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

1

№62 орта мектеп

Түркістан шағынауданы, н/з.

18.01.2016ж.

11-00

2

№6 орта мектеп

Суриков көшесі, н/з.

20.01.2016ж..

11-00

3

Облыстық Филармония

Қазыбек би көшесі,9

26.01.2016ж.

11-00

 

       

 

Шымкент ќаласыныѕ јкімі

 

 

р/с

Жәшіктер орнатылатын орындар

Мекенжайы

1

 

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты

Төле би көшесі, 21

2

№7 мектеп-лицей

Республика даңғылы, 3

3

№14 орта мектеп

Диваев көшесі, 46

4

№62 орта  мектеп

Түркістан шағынауданы, н/з.

5

№84 орта мектеп

 

Бадам шағынауданы (Откормсовхоз), Тұрсынбаев көшесі, н/з.

6

№121орта мектеп

Текесу тұрғын алабы,

Текесу көшесі,57

7

№76 орта мектеп

Сәуле шағынауданы н/з.

8

№6  орта мектеп

Суриков көшесі, н/з.

 

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің қала тұрғындарына есеп беру кездесулеріне арналған ұсыныстар мен ескертпелер үшін арнайы жәшіктердің орналасқан мекенжайлары

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы