SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 Қала әкімінің тапсырмасы орындалуда!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың қала тұрғындарының ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Шымкент қаласының аудан әкімдері күн сайын халықты қабылдап мәселелерін шешу бойынша тапсырма берілген болатын. Осыған орай, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов тапсырмаға сәйкес жұмысын бастап кетті. Аудан әкімі аппаратының ғимаратында күн сайын сағат 9:00 ден- 10:00 ге дейін  жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдау өткізуде. Жеке қабылдауда ардагерлер, аудан тұрғындары, жастар, жеке кәсіпкерлер қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Қабылдауда қаралған  барлық түйткілдерді зерделеп, заң аясында шешуді жауапты қызметкерлерге жүктеді.

        Өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты, А.Тыныбаев көшесі 49.

        Қабылдау жүргізу күні келген азаматтар, алдын-ала жазылусыз қабылданады.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы