SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVII конференциясы өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Конференцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы, Әл-Фараби аудан әкімінің орынбасары Қалдықараев Құдайберген Мақұлбекұлы және қалалық мәслихатының депутаттары, Әл-Фараби аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, Шымкент қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне орай, Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті ХХХVII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын ауданда жүзеге асыру барысы туралы және ауданда атқарылған жұмыстар бойынша Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев баяндап, жолдаудың бағыттары бойынша өз ойын ортаға салды.

Сондай-ақ, есеп беру конференциясында «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Мұнан соң, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Әл-Фараби ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайланды.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы