SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Әл-Фараби ауданында «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыстау рәсімі өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы                  16 ақпандағы №416 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Алтын алқамен» жеті бала тәрбиелеп өсірген 2 ананы және «Күміс алқамен» алты бала тәрбиелеп өсірген 19 ананы  құттықтап,  мерейге бөленген аяулы жандарға алқа тағып, куәліктер табыс етті.

     Аналардың өмірге бала әкелуінің өзі үлкен ерлік әрі бақыт. Сіздер өмірге перзент әкелген бақытты анасыздар. Әрине, баланы өсіру, жеткізу оңай емес. Түн ұйқыларыңызды төрт бөліп, жүрек мейіріміне бөлеп жеткізесіздер. Дана қазақта «Ұл өсіргенің – ұрпақ өсіргенің, қыз өсіргенің - ұлт өсіргенің» деген нақыл сөз бар. Демек, сіздер еліміздің ертеңін, Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі азаматтарын тәрбиелеп жатырсыздар. Ендеше, осынау жолда сіздердің атқарып отырған еңбектеріңіздің орны ерекше. Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ұрпақтарыңыздың қызық-қуанышына кенеле беріңіздер. Балаларыңыз ертеңгі күні Тәуелсіз еліміздің әлемнің үздік дамыған 30 елінің қатарына енуіне күш салатын қайраткер ұл-қыз болып ер жетсін, - деп ізгі тілек білдіре келе, аудан әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы құттықтауын жеткізіп өтті.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы