SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Тұрғындардың тілегі орындалуда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Көңілдің гүлі, көздің нұры саналатын балаларға қуаныш сыйлап, олардың білім алып, дене және рухани дамуы үшін мемлекетіміз барлық жағдайлар жасауда. Соның бірі ретінде, 2018 жылдың 13 қаңтар күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Айқап шағынауданында орналасқан  Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектебі жанынан салынған балалар ойын алаңшасының ашылу салтанатын айтуымызға болады. Ойын алаңшасының ашылу салтанатына шағынаудан тұрғындарымен орам, көше басқарушылары мен шағынаудан ақсақалдары қатысты.  Ашылу салтанаты барысында жергілікті тұрғындар тарапынан ауданда атқарылып жатқан аудан әкімінің игі істеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берісіп жатты.

Жалпы 2017 жылы аудан бойынша Тәуке хан даңғылы №4, Б.Момышұлы №4, 4а, Желтоқсан көшесі №19а, 19б, А.Байтұрсынов көшесі №65, Әбдіразақов көшесі №5, 7, 11, «Қарасу» ш/а №4, 5, 26, Есіл көшесі №6, Сапақ датқа көшесі №7, 7а, Жангелдин көшесі №26, 18, 14, 22а, 16, Қ.Рысқұлбеков көшесі №50а, , Айбергенов көшесі №5б, 5в көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, орнатылған аула және ойын алаңшаларында көпшілік демалатын орындықтар, қырланған кеспе тастар (брусчаткалар) төселіп, ойын элементтері, алаңша резіңкелі жабынмен  жабдықталды.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы