SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы 2020 жылғы «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын салтанатты түрде қабылдап алды. Беларусь Республикасының Брест қаласында «Брест-ТМД елдерінің 2019 жылғы мәдени астанасы» іс-шарасының жабылу салтанатында 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы этафетасын Шымкент қаласына табыс етті. Аталған салтанатты шараға Шымкент қаласынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай мен бірге бірнеше делегаттар барды. Мәдени астана атануымызбен қатар келер жылы атаулы мерейтойларды атап өту бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп кезең-кезеңімен іс асырылатын болады. Мұндай мәртебе ШымшаҺарға бекер берілген жоқ. Соңғы жылдардың ішінде қала аумағы кеңейіп, экономикасы өсіп, қаланың соңғы жылдары әлеуеті де еселене түсті Шымкенттің дәл осылай қарқынды дамуы мәдени астана мәртебесін алуға сеп болғаны сөзсіз.. Бұл өз кезегінде еліміздегі үшінші мегаполис қаланың әлеуетін арттыруға әрі шаһарға жүктелген үлкен жауапкершілік. Осы арқылы салт-дәстүрімізбен мәдениетімізді халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға мүмкіндік берері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы