SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

«Айбайлаңыз қауіпті-ГАЗ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасы және «КазТрансГаз» АҚ мамандары бірлесе аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына"Газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайық" тақырыбында тұрғындарға үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылуда.

Барлық азаматтарды өз өмірін сақтау жолында аса ұқыптылықпен қарауға шақырамыз! Пешпен жылыту кезінде мұржаларды тексеруді және тазалау жұмыстарын жүргізу, үй-жайды пайдалануда желдеткіш қолдану қажет екендігін хабарлаймыз.

- балаларға және газ құралдарымен жұмыс жасап көрмеген тұлғаларға газ құралдарын қосуға және пайдалануға тыйым салынады;

- газ иісін сезсеңіз газ құралдарын пайдалануды жедел тоқтату қажет;

- газ құбырынан, баллондардан немесе газ құралдарынан газ шығып тұрғандығы анықталған жағдайда, арнайы мамандарды шақыртып, сабын ерітіндісінің (көбік) көмегімен өрттің алдын алу шараларын жасаңыз.

- бөлмеден газ иісін сезінген кезде сіріңке жағуға, электр қосқыштарын пайдалануға, бөлмеге ашық отпен немесе тұтатылған темекімен кіруге жол бермеулеріңіз қажет екендігін хабарлаймыз.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы