SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

2016 жылдың 8 қыркүйегінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – ортақ борыш!» тақырыбында жиналыс өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2016 жылдың 8 қыркүйегінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – ортақ борыш!» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің ОҚО бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

 

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы – Марат Әбдімәжідұлы Тәжібаев - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» бағдарлама бекітті. Осы бағдарламаның аясында  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгендігін, және осы Стратегияның негізгі мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылатынын атап өтті.

Жиналыс барысында сөз сөйлеген қатысушылар тарапынан қысқаша баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Жиналыстың соңы пікірталасқа ұласып, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы