SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлының қолдауымен  Әл-Фараби ауданында жаңа лифтілер халық игілігіне пайдалануға берілуде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Әл-Фараби ауданына қарасты Қабанбай батыр көшесіндегі 12 қабатты 3 үйдің тұрғындары енді пәтерлеріне жаяу шықпайтын болады. Бүгінде Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлының қолдауымен жаңадан лифтілер қойылып, іске қосылды.

Жаңадан лифтілер пайдалануға беріліп жатқа кезде көпқабатты үйдің тұрғындары 10-20 жылдан бері жоғары қабаттарға жаяу мініп-шығу кезінде қиындықтарды бастан кешкендерін айтып еске алып отыр. Тұрғындардың айтуынша жаңа лифт іске қосылмай тұрғанда үлкен кісілер мен мүгедек жандар далаға шыға алмай, үйде отыратындықтарын айтты. Аудан тұрғындары қала әкіміне ризашылықтарын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Қазіргі таңда бизнестің жауапкершілігі аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы 12 қабатты 5 үйге жаңадан лифтілер орнатылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы