SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

  Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Ардагерлер қеңесінің

V пленумды кездесуі өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың қатысуымен 2019 жылдың 13 ақпанында аудан аппаратының мәжіліс залында V пленумды  кездесуі өтті.

    Кездесу барысында Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

М. Омаров кеңестің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасын оқып,  2019 жылға арналған іс-жоспарды бекітті. Содан басқа, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасарына және Төралқа мүшесіне «Ақ тұлпар» шахмат клубы ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы С. Бөлегенов тағайындалды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен аудындық ардагерлер кеңесі 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 тамыз аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын, «Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен өткізді .Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде ауданымыздағы жеке кәсіпкерлер мен жомарт азаматтардың демеушілігімен көмек көрсетілді.

Ауданда орналасқан 25 мектептің және аудан аумағындағы тұрмыс-жағдайы төмен отбасының 400 балалары қамтылып, 3 миллионан аса теңгеге мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді. Қосымша 72 аз қамтылған отбасыларға аудандағы кәсіпкерлердің қосымша демеушілігімен азық-түліктей, құрылыс заттары, ақшалай көмек көрсетілді.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы