SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

Әл-Фараби ауданы аумағындағы ретсіз сауда мен заңсыз дүңгіршектерді жою бойынша іс-шара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шымкент қаласы әкімі орынбасары Г.Құрманбекованың 10.01.2018 жылғы «Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардаға сауданы жою жұмыстарының 2018 жылға арналған іс-шара жоспары» сәйкес, Шымкентте ретсіз саудамен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, Қазыбек би және Түркістан көшелерінің бойында, «Қырғы базар» аумағында, Республика, Бәйдібек би даңғылы бойында ретсіз саудамен  айналысып отырған тұлғаларға күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар толтырылуда.

Бұған қоса, аудан аумағындағы анықталған заңсыз дүңгіршек иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 33 нысан Шымкент келбеті газетіне 30.03.2018 жылғы №25 (1564) басылымына жарияланды. Қазіргі таңға, 17 дүңгіршектер алынды.

2018 жылдың басынан бастап, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 147 хаттама рәсімделіп, 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынған, сонымен қатар 505-бабына сай барлығы  92 тұлғаға құқық бұзғандары үшін әкімшілік хаттама толтырылып ескерту шарасы қолданылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы