SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

     Бұл – теңдесі жоқ тарихи күн, ұлттық мереке. Бұл құдіретті сөздің астарында ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, абыздарымыздың айбынды үні, азаттық жолында шейіт болған талай буын боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Біздің ел ғасырлар бойы аңсап, азаттығына қолы жеткен, арман-мұраты ізгілікпен өрілген байтақ ел, дария көңіл дана халық. Ал, бар қазақтың сайын даладан ғұмыр бойы іздегені – бірлік, тілегені – тұтастық еді!

     Тәуелсіздікке қол жеткізген соңғы 27 жыл ішінде еліміз қарыштап дамып, әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына енді. Елбасының сындарлы саясатының арқасында 130 астам ұлтты ұйыстырып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайта білдік. Соның арқасында республикамыздың экономикалық дамуына жол ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайы арта түсті. Ендеше «Ынтымақ жүрген жүрде, ырыс бірге жүреді» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Бірлігіміздің арқасында, Елбасының сарабдал саясатын ұстанып, тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптастық, өзгемен тереземізді теңедік, тұрмысымызды түзедік. Осы егемендігіміз арқылы Қазақстан халықаралық ареналарда  зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Абыройы асқан, экономикасы дамыған, дербес саясаты бар, болашағына нық сенген Қазақстанның -  әлі де асар асуы мен бағындырар белесі бар!

     Сондықтанда, Сіздерді бар игіліктің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтаймын!

     Ауданымыздың тұрғындарын басты құндылығымыз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, денсаулық, береке-бірлік тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы