SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Аудан кәсіпкерлері Жолдау аясында жұмыс істеуге дайын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың «Көлеңкелі бизнесті заңдастыру арқылы қала бюджетін ұлғайту» мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен 50-ден астам кәсіпкерлер бас қосты. Бұл кездесуге Шымкент қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы және Әл-Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасының, «Даму» қоры, «Форте» банк бөлімшесі және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілі, сондай-ақ, бизнес-тренер Сейдулла Исмаилов қатысты.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы алғысөзді Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан бастады.

– Елбасы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауында 2010 жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімділігі зор екенін атап өтті. Осыған орай, бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек екендігі жөнінде аудан кәсіпкерлерімен осы бағдарлама аясында пікір алмасты.

Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Осыған орай Ғ.Мәуленқұлов аудан аумағында кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды жандандыруға, жаңадан кәсібін ашып, өз ісін бастайтын азаматтарға әріптестік қолдау көрсетілетіндігі жөнінде айтып өтті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылады.

1. Шымкент қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/ауд, Астана даңғылы №10, 8(7252) 24-74-77.

2. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Төле би көшесі №22, 8(7252) 53-01-72.

3. «Даму» қорының мекен-жайы: Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесі №88 а, 8(7252) 99-70-57.

4. «Форте» банктің мекен-жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі №15 а.

5. «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасының мекен-жайы: Шымкент қаласы, қонаев даңғылы №83/1, 8(7252) 39-12-00.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы