SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының ішкі істер және жергілікті полиция басқармасының 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Сонымен қатар, жиын барысында Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауындағы Қазақстандықтардың «өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» бағыты бойынша айтылған құқық қорғау саласындағы болатын өзгерістерді талқылап, жолдауда берілген тапсырмалар бойынша дайындықты пысықтады.

Есеп соңынан Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов өз сөзінде заң бұзушылықтар бойынша орын алатын кемшіліктердің алдын алу жөнінде біршама жұмыстар жүргізу керек екені және аудан тұрғындарының қауіпсіз ортада өмір сүруін басты назарда ұстау қажет екенін айтып өтіп, алдағы уақытта осындай тоқсандық есептер тұрақты өткізіліп отырады.

Жиынға Әл-Фараби ауданының әкімі, ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары, аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары, Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы және жергілікті полиция қызметінің өкілдері, аудан тұрғындары және аудандық құзырлы мекеменің өкілдері қатысты.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы