SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Орталық саябақта қайта құру жұмыстары аяқталды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Әл-Фараби ауданыңда орналасқан Орталық саябақ қайта жаңартылды – Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық саябақ биыл танымастай өзгерді.  Аумағы 8 гектарды құрайтын демалыс орнында бүгінде орыңдықтар мен қоқыс тастайтын құтылар және шам бағаңалары, жаяужолдар, гүлзар  жаңартылды. Сондай-ақ,  мұнда 15 кісіге арналған 3 тапшан қойылды.

     Саябақта бүгінде 56 орындық пен бірнеше құтылар алмастырылып үлгерген. Ең бастысы, бұл өзгерістер саябаққа серуендеп келгендердің көңілдерінен шыққан. Еліміздегі үшінші мегополис атанған Шымкент қонақтары да көбінде осы саябақты аралайды. Соңдықтан, көптен бері жаңаланбаған тұстардың ескерілгені дұрыс-ақ.

    Орталық саябаққа келу ыңғайлы болғандықтан қалалықтардың сүйікті орнына айналған, сондықтан, мұндағы жаңалықты көпшілік қуана қабылдады. Ағаштардың да отырғызылғанына алды 100,  кейінгілеріне 50,60 жыл болған. Жыл сайын мұнда жүздеген жас дарақтар жерсіндіріледі. Көктемде алуан түрлі гүлдер жайқалып тұрады. Былтыр саябақта 40-тан астам қылқан жапырақты ағаштар мен 25 аққайың егілген болатын.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы