SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Жылу энергиясымен қамтамасыз ету

 

Әл-Фараби  ауданы аумағында 665 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның ішінде, аудан бойынша жылу қабылдайтын 610 көпқабатты тұрғын үй  тіркелген.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің үй ішілік жылу жүйелерін жылу маусымына дайындау жұмыстары бойынша арнайы іс-шара дайындалған.

Көпқабатты тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету бойынша бүгінгі таңда «Жилкомхоз», «Спецкомплектсервис» ЖШС  және «ЖилСтройСервис» ЖШС-і жанынан 8-ТҮҚКО (Тұрғын үйге қызмет көрсету орталығы) құрылған. Осы аталған мердігер мекемелермен 348 көпқабатты үй келісім-шартқа  отырған, одан ары қарайда көпқабатты үйлермен келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

     Қазіргі таңда аталған 8-ТҮҚКО өз жұмыстарының негізгі  міндеттерімен таныстыру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесулер өткізіліп үй басқарушылары аталған бағдарламаны мақұлдап, қазіргі таңда 8-ТҮҚКО басшылары аудан әкімдігінің қолдауымен көпқабатты тұрғын үй басқарушыларымен бірлесіп тұрғын үйге қатысты коммуналдық саладағы жұмыстарды тиімді, әрі сапалы және жедел түрде жүргізуді жоспарлап отыр.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан бекітілген учаскелерінде көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына  үйдің шатырларын, кіре беріс есіктерді, терезелерді бүтіндеу және жертөлелердің техникалық, санитарлық жағдайын жақсарту, үйдің жылу жүйелеріне жылу есептегіш құралдарын орнату, баспалдақ алаңшаларын, үйге іргелес алаңдарды тәртіпке келтіру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Тұрғындардың өз күшімен немесе осы аталған мекемелермен келісім-шартқа отырып, сығымдау жұмыстарын жүргізулерін сұраймыз.

 

 

«Жилстройсервис» ЖШС    -   8 775 268 91 39

«Жилкомхоз» ЖШС             -     27-74-92

«Спецкомплектсервис»        -      42-10-86

немесе Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына хабарласуларыңызға болады. Тел 54-96-54

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы