SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін Әл-Фараби ауданы А. Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан «Сұңқар» тұрғын үй кешені тұрғындарының ұйымдастыруымен және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының атсалысуымен әз-Наурыз мерекесі аталып өтті.

Наурыз-думан ардагерлердің бата-тілегімен және Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлының құттықтауымен басталды. Іс-шара барысында сөз алған аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні жоғары дәрежеде тойлануын айта келе, Наурыз ежелден келе жатқан ұлттық мереке екенін айтып, аудан тұрғындарына деген мерекелік ыстық ықыласын білдіріп, қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген «Сұңқар» тұрғын үй кешенінің бірнеше тұрғындарына алғыс хат табыстады.

Мерекелік жиын әрмен қарай өнерпаздардың көңілге шуақ сыйлайтын концерттік бағдарламасымен жалғасып, тұрғындар арасында ұлттық ойындар түрлерінен жарыстар ойнатылды.

Жиында тұрғындарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды. Наурыз-көже, бауырсақ, палаудан ауыз тиіп бір-біріне құттықтау тілегін арнады.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы