SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен семинар-жиналыс өтті

Бүгін Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев, қала әкімі аппарат басшысының бекіткен кестесіне сәйкес Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне семинар кеңес өткізді.

Семинардың басты тақырыбы – «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» туралы.

Семинар барысында баяндама оқыған әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишев әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалану, азаматтарға әдепсіз мінез-құлық таныту, жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық, мүдделер қақтығысы, БАҚ-пен қарым қатынас, әлеуметтік желілерді пайдалану, іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын бұзу, басшы әдебі, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы мәлімдеп, Елбасының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажет екенін атап өтті.

Семинарға аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов және аппарат қызметкерлері қатысты.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы