SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби ауданы әкімінің 27.11.2015 ж. №319 өкіммен «Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер және отбасылык-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы»  жаңа құрамы құрылып, жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда.

  Комиссияның    құрамында түрлі  салалық    құрылымдардан    9   адам

енген, олар: депутаттар, құкық қорғау органдары, денсаулық сақтау, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпорындардың және бизнес өкілдерінен тұрады.

Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысының  2017 жылға арналған жоспары аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің жанындағы әйелдер  істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі төрағасы  бекітіп, кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

10 наурыз 2017 жылы Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бірінші отырысында келесі мәселелер қаралды. Әл-Фараби ауданында жайсыз отбасыларда әйелдердің зорлық-зомбылық пен ерте жүктілік фактілеріне жол бермеу жұмыстарын жүргізу туралы, аудан көлеміндегі мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысының барысы талқыланып ендігі отырыстарға жоғарғы оқу орындарынан студент жастарды қатыстыру, жастармен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар талқыланды .

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы