SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы аумағындағы ретсіз сауданы жою бойынша іс-шара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Бүгінгі таңда Төле би көшесі, «Қырғы» базар аумағында жолдың бойындағы ретсіз сауда қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан да наразылықтар көбеюде.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қазіргі таңда Төле би көшесі, «Қырғы» базар аумағындағы ретсіз сауда өзекті мәселелердің бірі болуына байланысты Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Алайда, ретсіз сауда иелері аталған аумақтағы сауда қызметіне тұрақты бейімделуіне байланысты, өз жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес, ретсіз сауда иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 35 ескерту хаттамалары толтырылды. Егерде, алдағы уақытта қайталанатын жағдайда 5 АЕК (12 025 тг.) көлемінде айппұл салынатын болады. Бұған қоса, 2018 жылы 27 маусым күні №50 (1589) санды «Шымкент келбеті» газетіне «Бос орындарда сауда жасаңыз» атты мәлімет жария етіліп, базарлардағы бос сауда орындарына орналастыру бойынша жиналысы өткізілді және Қырғы базар аумағында ретсіз сауда жасап отырған тұлғалардың тізімі жасақталып, қаладағы базар басшыларымен түзілген меморандум аясында базар аумағында 150 бос сауда орындары ұсынылып, қазіргі таңға 83 саудагер «Қырғы» базарына және 8 саудагер «Автонұр» базарына 3 ай көлемінде ақысыз орналасты. Бұған қоса, саудагерлерді жұмыспен қамту мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан  жұмыс орындары ұсынылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы