SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы аумағындағы заңсыз дүңгіршектерді жою бойынша іс-шара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес,Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан «ТUMAN» кафесінің жаздық бастырмасы, Ә. Жангелдин көшесі «LAVASH»  дүңгіршектері иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынып, қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша орнынан алынған заңсыз дүңгіршектердің саны 53-ті құрап отыр.

Содай-ақ, Рашидов көшесінің бойындағы ретсіз сауда иелеріне             Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес 3 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 азаматқа 36 075 тенге көлемінде айыппұл салынып, 7 ескерту хаттамалары толтырылды.

   Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы