SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы сауда орындарында сағат 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға заң талаптарына сәйкес шектеу қою бойынша түсіндірме жұмыстары

 

«Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою шаралары жалғасуда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан сауда орындарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама парақшалары таратылды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Занының 9 бабының 3 тармағында, алкоголь өнімін, тиісті лицензиясы болмаса сақтауға  және өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, алкоголь өнімін: жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға; лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе; сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін өткізуге тыйым салынады. Аталған Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін – құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, жиырма бестен бастап, алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 200,282,463 баптары).

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы