SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Ретсіз сауда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2016 жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының тарапынан аудандық жергілікті полиция бөлімімен бірлесе Әл-Фараби ауданы бойынша стихиялық ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғалармен күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ: Төле би, Қазыбек би, Түркістан, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, М.Х.Дулати, Әйтеке би, Амангелді, Ш.Қалдаяқов, Республика және Жангельдин көшелері. Күнделікті рейд жұмыстарынын арқасында жоғарыда аталған көшелерде ретсіз саудамен айналысып отырған 42 тұлға Қырғы базарға кіргізіліп, көшелердің бойлары тазартылды, ал қалғандары бойынша «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс ұсынылуда. Сонымен қатар жыл басынан 16 заңсыз дүңгіршектер манипулятормен көтеріліп алынды. ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 - бабына сәйкес, 403 хаттама толтырылып, оның 24-не 318 150 теңге көлемінде айыппұл салынып, 143 168 теңге өңдірілді. Ал, 505 – бап бойынша 217 хаттама толтырылып,                 3 – не 127 260 теңге көлемінде айыппұл салынып, 84 840 теңге өңдірілді. Қазіргі таңға, 37 дүңгіршек анықталды, оның 15 заңсыз, 1 мақсатына сай емес және 21 мерзімдері өтіп кеткен.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы