SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағындағы ретсіз сауда мен жарнамаларды жою жұмыстары енді велосипедтің көмегімен жүзеге асады. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің  қызметкерлері заңсыз сауда иелеріне жүйелі түрде ескертулер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін велосипедке отырып, рейдтік шара ұйымдастырды.

Велосипедтің біріне отырған аудан әкімінің орынбасары Серик Нурманов өзі жетекшілік етіп, Қазыбек би көшесінің бойында жарнама тақтайшыларын бей-берекет орналастырған дүңгіршек иелеріне ескерту жасады.

Кәсіпкер азаматтардың демеушілігі есебінен әзірге 4 дана велосипед алынып отыр. Алдағы уақытта қызметкерлеріміз заңсыз сауда иелеріне күнделікті тиісті ескертулер беріп отырмақ. Жасалған жұмыстар өз нәтижесін де беруде. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан биыл жалпы саны ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 - бабына сәйкес, 403 хаттама толтырылып, оның 24-не 318 150 теңге көлемінде айыппұл салынып, 143 168 теңге өңдірілді. Ал, 505 – бап бойынша 217 хаттама толтырылып, 3 – не 127 260 теңге көлемінде айыппұл салынып, 84 840 теңге өңдірілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы