SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Медициналық сақтандыру-халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтарды тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында.Ұлт денсаулығын сақтау-мемлекет назарындағы басты мәселелердің бірі. Сондықтан да, медицина саласындағы реформалар халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ мәжіліс залында Бес институционалдық реформаны  жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-ші қадамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында аудан тұрғындары арасында түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс барысында Әл-Фараби ауданы әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы, аудан әкімінің орынбасары Қалдықараев Құдайберген Мақұлбекұлы және М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу ісі жөніндегі проректоры Байболов Қанат Сейітжанұлы, бірінші проректор Айменов Жамбыл Талхаұлы, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Байқонысов Ербол Рәбілұлы және Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Туреханова Ғалима Арыстанқызы қатысып, жоғарғы оқу орнының  ұстаздарына және студенттеріне, аудан тұрғындарына  тақырыпты кеңінен түсіндірді.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы