SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Аудан тұрғындарына Ескерту!

Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

    - жалғастырушы түтіктердің ақаулары;

    - түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;

    - бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;

    - майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;

    - оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;

    - оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.

Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз!

1-  Газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз.

2- Газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз.

3- Газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз! Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін.

4- Газ құрал – жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолдары жететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіз газдың өткір иісін сезсеңіз,

шүмекті дереу жабыңыз.Үйді желдетіңіз (терезе, есіктерді ашыңыз).

 

 

Тұрмыстық уланулардың ішінде жиірек кездесетін уланулардың бірі көмір қышқыл газымен улану. Көмір қышқыл газымен пештің дұрыс жанбай, ыс шығаруы әсерінен, автокөліктерден шығатын газдардан, өрт болған жерлерде улану мүмкін.

Осыған орай, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  аудан аумағында орналасқан аудан тұрғындарына   газ тұтыну жүйелерін, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау, автономды жылыту жүйелері бар тұрғын үйлерді құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігі жөнінде және көмір-қышқыл газынан адамдардың улану жағдайларының алдын алу мақсатында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметкерлері, «ҚазТрансГаз» АҚ ОҚӨФ бас мамандары, №3 МӨСБ өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе  аудан аумағында орналасқан елдімекендерде тұрғындарға  түсіндіру мен насихат жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға ескерту! Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы