SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласы үшін ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын, еріген қар салдарынан арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Адамның да, қоршаған табиғи ортаның да сусыз күні жоқ. Ел боп, жұрт боп табиғи су көздерін қорғаштап жүргенімізде халыққа тасымалданатын ағын судың тағдыры нешік?

    Кезінде халыққа ортақ арық жүйелерін бәзбіреулер үй ауласына кіргізіп алып, ағын суды тұсаулап, қалағанынша қожалық етсе, кейбіреулер зәулім мейрамхана мен кафе соғып, оның алдына автотұрақ жасап, су жолдарын жермен жексен етіп бетондап тастаған. Салдарынан ағын су арыға аса алмай көшелерді көл етсе, жер үйлердің талайы арық суына зар болып, шаруасын шаң басып қала берді. Қаладағы жасыл желектің жағдайы да осы төбенің астында. Сондай-ақ көше арықтарына бейберекет тасталған қоқыс қалдықтары да қаланың берекесін қашыруда.

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  арнайы мамандардан жасақталған комиссия құрып, аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында ирригациялық жүйесіне жауапты мекемелер бар. Олар «Байтерек-ЛБ», «Бек-Асыл» ЖШС, «Нұр-Сәт» ЖШС мекемелері.  Бұл мекемелердің бәрінде қажетті құрал-жабдықтар мен техника жеткілікті. Олар тазалықпен қатар, ішкі орам көшелеріндегі ирригациялық жүйелерді тұрақты бақылауға алған.

Бұған қоса, тұрғындар күні бүгінге дейін арыққа қоқыс тастайды. Мәселен, қаланың жоғарғы жағында тасталған қоқыс төменгі жаққа барып су өткелдерін бөгеп тастайды. Арнасынан аса алмай, қоқыс қордаланған лай су қайтадан кері қаланың жоғарғы жағына ағады. Сондықтан да қаладағы қоқысқа әр азамат жауапты. Арық суын өздері пайдаланғысы келмейтіндер де басқалар үшін, қоршаған ортаны сақтап қалу үшін үйінің алдындағы арықты тазалауға міндетті. Кәсіпкерлік болсын, басқа болсын әр нысан соғылар кезде оның айналасындағы тазалыққа, абаттандырылуына жауап береді.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы