SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл – Фараби ауданында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне»

арналған  мерекелік іс-шара өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.

             Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекелік іс-шарасы өтті.

Аудан әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы ауданымыздың  өсіп-өркендеуі мен даму жолында абыроймен еңбек етіп келе жатқан аға-інілерімізді «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай айбарлы да қаһарлы ер азаматтарымызды  алғыс хатпен марапаттап, сый-сыяпатын табыстады.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы