SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған биік мәртебеге ие және халқымыздың бостандығын айғақтайтын «Тәуелсіздік-тұғырым» атты Тәуелсіздік мерекесі бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аталып өтті. Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы аудан тұрғындарын еліміздің еңбасты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Аудан әкімі өз сөзінде «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні». Бұл – теңдесі жоқ тарихи күн, ұлттық мереке. Бұл құдіретті сөздің астарында ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, абыздарымыздың айбынды үні, азаттық жолында шейіт болған талай буын боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.

Біздің ел ғасырлар бойы аңсап, азаттығына қолы жеткен, арман-мұраты ізгілікпен өрілген байтақ ел, дария көңіл дана халық. Ал, бар қазақтың сайын даладан ғұмыр бойы іздегені – бірлік, тілегені – тұтастық еді!

1991 жылы 16 желтоқсаннан егемен еліміздің жаңа тарихы басталған еді. Содан бері өсу мен өркендеудің белестерін бағындырған елімізде талай тірліктер атқарылды, тарихи жеңістерге қол жеткенін атап өтті.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға аянбай тер төгіп жүрген аудан белсенділері аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып патриоттық тақырыпта әншілер мен бишілердің асқақтата орындаған әндеріне жиналған көпшілік тамсана тарқасты.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы