SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Бабалар аңсаған-Тәуелсіздік күні мерекесі аталып өтті!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Тәуелсіздік-бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған күн. Осынау ұлы күнді тойлау мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де мерекелік іс-шара болып өтті.

     Іс-шараға аудан тұрғындары, ардагерлер мен қалалық мәслихаттың депутаттары, ауданымыздағы ЖОО мен колледж студенттері қатысты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздігіміздің-құрметіне арналған іс-шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Д.Байжанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Омаров  тәуелсіздігіміздің жиырма алты жылдық  мерейтойымен жиналған қауымды құттықтады. Д.Байжанов аудан азаматтары арасында, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандарға, халық қалаулыларына, әскери шенділер мен офицерлер, кәсіпкерлер мен өзге де сала бойынша  белсенді, елеулі еңбек етіп ауданымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ жиын барысында сөз алған, қалалық мәслихаттың депутаты Ерлан Мамырайқанұлы жиналған көпшілік қауымды мерекемен құттықтап, өзінің халыққа деген ыстық ықыласы мен тәуелсіз еліміздің ертеңі- жастарға өзінің ағалық тілегі мен олардан халқымыз үлкен үміт күтетінін білдірді.

Іс-шара соңында, жиналған қауым қойылған мерекелік концертке  ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы