SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұловтың бастамасымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, үй басқарушылары және тұрғындардың қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік жұмысы Д.Қонаев даңғылы №63 көпқабатты тұрғын үй аулаласында өткізілді. Бүгінгі өткізілген сенбілікке үй тұрғындары белсене атсалысып қатысты.

Сенбілікке 6 арнайы техникамен 70-тен астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 13 м3 күл – қоқыс шығарылды, 42 ағаш әктелді, 5 қураған ағаштар кесіліп, 31 тал санитарлық қырқылды. Сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы қоршаулар келбетті түрге келтіріліп, барлық ойын алаңшалары сырланып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, аталған көпқабатты тұрғын үйдің ауласына гүл көшеттері(роза) отырғызылды. Атқарылған сенбілік жұмыстары алдығы уақыттарда жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы