SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлы Қалжанов Әл-Фараби ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

  Құттықтауға Шымкент  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы,  Әл-Фараби ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы және аудандық халық қалаулылары қатысып ізгі тілектерін білдірді.

  Сіздей  азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету - азаматтық парызымыз. Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ұлы адамсыз.Сізді аудан жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын,- деді аудан әкімі Бауыржан Ахметәліұлы Қалжанов.

   Айта кетейік, Шаля Анна Федоровна 1923 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Вревск ауылында туылған.

  1941 жылдың басында Румыния, Венгрия, Чехославакия шекарасынан өтіп, Звенигород, Богуслав, Умань қалаларын азат етуге қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, II-ші дәрежелі «Отечественная война» медалімен және мерейлік медальдармен марапатталған.

  1945 жылы елге оралған ардагер 1946 жыл мен 1979 жылдар аралығында білім саласында қызмет атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы