SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы аумағындағы ретсіз сауданы және ретсіз жарнаманы жою бойынша іс-шаралар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ретсіз саудамен және ретсіз жарнамамен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы бойынша стихиялық ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғалармен күнделікті рейд жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: Тауке хан және Республика даңғылы, Қазыбек би, Әйтеке би, Түркістан, А.Байтұрсынов, Төле би, Ә.Жангелдин және Ш.Қалдаяқов  көшелерінің бойы.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан күнделікті жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан 45  заңсыз дүңгіршектер алынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және  «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының  және Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен бекітілген “Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасының” талаптарын түсіндіру мақсатында, Әл-Фараби ауданындағы негізгі орталық көшелерде және коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан  жарнамаларды ретке келтіру мақсатында ретсіз жарнама бойынша да күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде, жұмыс барысында қазіргі таңға 1580 ретсіз жарнамалар алынып, жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 139 кәсіпкер Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне барып, салық төлеуші ретінде тіркелген. Қазіргі таңда ауданның орталық көшелерінің бойындағы 1150 жарнамалар фото суретке түсіріліп, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасына анықтауға жолданды.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы