SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Ирригациялық арықтарщды тазалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Су алу қаупін болдырмау және алдын-алу мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен ішкі орамдық жолдардағы ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстарын жандандыру және тұрғындарға ирригациялық арықтарды өз күштерімен тазалау, бекіткен бөліктерін бастапқы қалыпқа келтіру үшін көктем айларында аудан аумағындағы мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушыларының қатысуымен сенбілік  іс-шаралары ұйымдастырылған. Сенбілікте 36 техника мен 31400-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 93,5 шақырым ирригациялық арықтар тазартылған.

Аудан тұрғындарын өздері тұратын аумақтағы жол-көше бойындағы ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазалау және ирригациялық арықтарды өз беттерінше бекіткен бөліктерін бастапқы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және өзен-каналдардың су қорғау аймақтарында орналасқан құрылыс нысандарының иелерін тиісті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы