SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Жол ережесін сақтаңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Бәрімізге белгілі ауданымызда көшелердің қиылысында, базарлардың алдында 7 жер асты өткелдері бар. Соның бірі  «Қырғы базар» Төле би көшесінің бойында орналасқан және бұл көшеде адам өміріне қауіп төндірмеу мақсатында жер асты өткелімен көшеге бардюр кедергілері орналасқандығына қарамастан қала тұрғындары жолды қия, көліктердің жүруіне кедергі жасай отырып, арнайы жер асты өткелімен жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүрмей, өмірлеріне қауіп төндіруіне қарамастан қоршаудан секіріп өтеді.

     Осы жағдайды ескере отырып, 2016 жылдың 8 сәуірінде           Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесін сақтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін сақтаңыз» тақырыбында үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізуі өткізілді. Рейдтік іс-шараға Жергілікті полиция, Шымкент қаласы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, Жолаушылар көлігі мен Автомобиль жолдары бөлімі және БАҚ өкілдерімен бірлесе жол ережесін бұзған тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар қалған жер асты өткелдерінде де тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы