SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында 15 Ұлы Отан Соғысының ардагерлері және 1230 дан аса тыл ардагерлері тұрады.

Осыған орай,  Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев және  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Омаров аудан аумағында тұратын ҰОС ардагері Утробина Вера Степановнамен талай жыл өңірдін дамуына үлес қосқан Алипова Клара Төлендіқызын «8 наурыз Халықаралық әйелдер  күнімен» құттықтап, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндеріңіз көп болсын деп тілектерін білдірді.

    Құттықтау барысында ардагерлерге сыйлықтармен құттықтау хаттарын сыйлады. Қарт адамдар өздеріне сыйланған сыйлықтан гөрі көрсетілген құрметке, олардың біздің ауданымыздың дамуына қосқан үлестерін жас ұрпақтың ұмытпағандарына риза болды.

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы