SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға сәйкес (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификацияланған) жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтеді.

Аталған акция аясында 07.12.2018 жылы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ, «Сана сезім» кризистік орталығы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен Орталық қырғы базарында жұмыс жасайтын қыз-келіншектерге буклеттер, анықтамалық парақтар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты: көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралармен таныстыру болып табылады.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы